2016 жылғы 19 қаңтар,Астана қаласы
«Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен
тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №353 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. «Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдарында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамыздағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Өкілетті органның аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) жыл сайын 10 тамызға дейінгі мерзімде бұқаралық ақпарат құралдары және интернет-ресурстар арқылы шетелдік рұқсаттамаларға жылдық өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы отандық тасымалдаушыларды хабарландырады.
Жылдық өтінімдерді отандық тасымалдаушылар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы беріледі.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Отандық тасымалдаушылар шетелдік рұқсаттамаларды алу үшін өтінішті және қосымша өтінімдерді Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы береді.
Өтініштер мен қосымша өтінімдерді қарау, сондай-ақ берілетін шетелдік рұқсаттамалар санын есептеу шетелдік рұқсаттамалар бланкілерін таратудың автоматты үйлестіру жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылады.»;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Отандық рұқсат, оның ішінде бірінші рейстің тасымалы жүзеге асырылған мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағынан кері бағытта жолшыбай жүк арту жағдайында бір жолсапар үшін жарамды болады.
«А» түріндегі отандық рұқсат жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін жарамды, «В» мен «С» түріндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан 90 километрге дейін шегінде орналасқан шекара маңы терминалдарына дейін жарамды.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Тартқышты немесе жүк автомобилін тасымалдаушының тіркеу мемлекетінде тіркелген басқа тартқышқа немесе жүк автомобиліне ауыстыруға жол беріледі.».
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ
«КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика
________________ Б. Сұлтанов министрі ________________ Е. Досаев
2016 жылғы 27 қаңтар 2016 жылғы 29 қаңтар
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 29 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13327 болып енгізілді.